SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 60 Starlink жерсерігін сәтті шығарды. Бұл туралы компанияның Twitter-аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды "Лента.ру".
SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран-тасығышы орбитаға 60 Starlink жерсерігін сәтті шығарды. Бұл туралы компанияның Twitter-аккаунтында жарияланды, - деп хабарлайды "Лента.ру".
Орбитаға шығарылған жерсеріктер 290 шақырым биіктікте болады және жоғары жылдамдықты интернетті қамтамасыз етеді.
Falcon 9 6 қаңтарда 21:19-да жергілікті уақыт бойынша ұшты. Оның бірінші сатысы (бұрындары үш рет қолданылған) Атлант мұхитындағы Of Course I Still Love You ("Әрине, мен сені әлі де сүйемін") платформасына қонды.
SpaceX жаһандық интернетпен қамтамасыз ету Starlink бағдарламасын 2015 жылы таныстырған еді. Ол 12 мыңға жуық жерсеріктерді іске қосуды жоспарлаған: 1,1-ден 1,3 мың шақырым аралығындағы биіктікте 4425 құрылғы және 335-тен 346 шақырымға дейінгі биіктікте 7518 аппарат. Жүйенің мәлімделген өткізу қабілеті бір пайдаланушыға секундына бір гигабитті құрайды. Жүйенің өткізу мүмкіндікгі бір қолданушыға секундына бір гигабайт болады.