Стивен Хокинг адамзат қандай жағдайда ғана аман қалатынын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стивен Хокинг адамзат қандай жағдайда ғана аман қалатынын айтты Стивен Хокинг

Белгілі ғалым Стивен Хокинг адамзат қандай жағдайда ғана аман қалатынын айтты. Физиктің сөзінше, адамзат басқа ғаламшарға көшсе ғана аман қалады. Бұл туралы tjournal.ru жазды.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Белгілі ғалым Стивен Хокинг адамзат қандай жағдайда ғана аман қалатынын айтты. Физиктің сөзінше, адамзат басқа ғаламшарға көшсе ғана аман қалады. Бұл туралы tjournal.ru жазды.

Бұл мәлімдемесін ғалым Норвегияда өтетін Starmus ғылым және өнер фестивалінің дайындығына арналған баспасөз мәслихатында жасады. 

"Бізг өмір сүру үшін балама ғаламшар іздеуге көшуіміз керектігін сеніммен айта аламын", - деп мәлімдеді ғалым. 

Хокинг әріптестерін адамзатты галактиканың басқа жеріне көшіп баруға кедергі болып отырған техникалық шектеулерді жоюмен белсенді түрде айналыса бастауға шақырды.

Еске салайық, Стивен Хокинг бұған дейін де адамдардың таяудағы 1000 жылда Жер бетін тастап, ғарыштан басқа мекен ететін орын таппаса, жойылып кетуі мүмкін екенін айтқан болатын. Мұндай болжамды ғалым Сиднейдегі опера театрында өткізген дәрісінде мәлімдеген еді. Сонымен қатар, зерттеуші уақыттың, жер жүзінің және ондағы қара тесіктердің мәселесін көтерген. Дәрісінің соңында 73 жастағы Хокинг тыңдармандарына "аяқ астына емес, жұлдыздарға қарау керек" екенін айтты. "Көргеннің бәрін түсінуге тырысыңыздар, Жер жүзінің қалай пайда болғанын, себебін білуге тырысыңыздар. Қызығушылық танытыңыздар және өмір қандай қиын болып көрінсе де, сәттілікке жететін мүмкіндіктің бар екенін есте ұстаңыздар", - деді ол.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети