Стоунхендж жұмбағы шешілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Стоунхендж жұмбағы шешілді © РИА Новости

Ньюкасл университеті ғалымдарының мәліметінше, Стоунхедж құрылысшылары ауыр тастарды сырғанатып, көшіру үшін доңыз майын пайдаланған, - деп хабарлайды Phys.org.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ньюкасл университеті ғалымдарының мәліметінше, Стоунхедж құрылысшылары ауыр тастарды сырғанатып, көшіру үшін доңыз майын пайдаланған, - деп хабарлайды Phys.org.

Даррингтон-Уоллс мегалитикалық ауылында қазба жұмыстарын жүргізу кезінде қыш ыдыстардың ішінен доңыз майының қалдықтары анықталған. Стоунхенджден үш шақырым жерде құрылыс істеген адамдар тұрған. Сараптама нәтижесінде қыш ыдыстардың тамақ ішуге емес, құрылыс жұмыстарына арналған шелектің бір бөлігі екенін анықтаған. Ол ыдыста доңыз саласы сақталған болуы мүмкін. 

Қазіргі уақытта зерттеушілер Стоунхендж салынған мегалиттер адам күшімен жеткізілгенін айтып жүр. Биіктігін сегіз метр, салмағы екі тоннадан асатын мегалиттерді 20 адам бөренелердің үстімен сырғанатып қозғалта алады. Қозғалысты жеңілдету үшін май жағатын болған. 

Ғалымдардың айтуынша, археологиялық құндылықтар тек жалпы картинаның бір бөлігін ғана береді екен, сол себепті доңыз майы қолданылды дегенге тағы да дәлел болатын айғақтар қажет екен. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети