Шымкент ғалымдары жеміс-жидек чипсын ойлап тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкент ғалымдары жеміс-жидек чипсын ойлап тапты Профессор Әзірет Шыңғысов. Сурет ''Жетінші арна" кадрынан алынды.

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің азық-түлік өнімдерінің технологиясы кафедрасындағылар жеміс-жидектен чипсы жасауды ойлап тапты деп хабарлайды Жетінші арнаға сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Өнертабыс иелері жаңа фас-фуд картоптағысына қарағанда ағзаға әлдеқайда сіңімді әрі пайдалы деп айтады. Кафедра профессоры Әзірет Шыңғысовтың айтуынша, жеміс-жидек қағы өндірісінің технологиясы өнім дәрумендерінің мейілінше сол күйінде сақталуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ жеміс-жидек чипсы құрамында қант пен басқа да тамақ дәмдеуіштері болмайды. Журналистердің көзінше әзірленген алма мен өрік сынамаларының түрі біртүрлі болды. Өнертабыс иелері бұл технологияның әбден жетілдірілмегендігінен дейді. Уақыт өте келе, жеміс-жидек чипстарын кез келген формада жасауға болады. Шымкент ғалымдары жеміс-жидек чипстарын Астанада 2017 жылы өтетін халықаралық көрмеде ресми түрде таныстыруды жоспарлап отыр екен. Болашақта пайдалы бұл жаңа тамақ түрі қазақстандық маркаға айналып, елімізде шығарыла бастауы әбден мүмкін.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети