Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады - Айдын Айымбетов

07 Желтоқсан 2017, 09:33
0
Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады - Айдын Айымбетов - Айдын Айымбетов. © Tengrinews.kz
Айдын Айымбетов. © Tengrinews.kz

Тағы бір қазақстандық ғарышқа ұшады. Бұл туралы Ақтөбеде ұшқыш-ғарышкер, "Қазақстан Ғарыш Сапары" ұлттық компаниясының вице-президенті Айдын Айымбетов айтты, - деп хабарлайды "Диапазон".

Авиация генерал-майорының айтуынша, Қазақстан "Байқоңырда" "Бәйтерек" ғарыштық зымыран кешенінде Ресеймен бірге таза экологиялық отынмен зымырантасығыш салуды жоспарлап отыр. 

"Ресей қазір алты орынды кемені дайындап жатыр. Ғарышқа аттанатын экипаждың құрамында Қазақстан ғарышкері болады. Ғарышқа ұша алатын мамандар бізде көп", - деді Айдын Айымбетов.

Айта кетейік, Айдын Айымбетов "Союз-ТМА-18М" кемесімен ғарышқа 2015 жылдың 2 қыркүйегінде ұшқан болатын. Ол ғарышта болған кезінде онда не болып жатқанның барлығының Twitter желісіндегі парақшасында жазып, тіпті суреттер мен видеолар жариялаған еді.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай