12 желтоқсан 2021 10:11

Туристер мінген New Shepard зымыраны үшінші рет ғарышқа ұшты

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Blue Origin жасаған америкалық New Shepard зымыраны коммерциялық суборбиталь рейс жасады. Зымыран бортында алты турист болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.


Blue Origin жасаған америкалық New Shepard зымыраны коммерциялық суборбиталь рейс жасады. Зымыран бортында алты турист болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru басылымына сілтеме жасап.

Зымыран АҚШ-тың шығыс жағалауы уақыты бойынша сағат 9:45-те (Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 20:45) Техастағы Corn Ranch ұшыру алаңынан ғарышқа ұшты. Ұшу шамамен он минутқа созылып, кейін туристер мінген капсула Жерге оралған.

Бортта тұңғыш ғарышқа ұшқан Алан Шепардтың қызы Лора Шепард және ABC арнасының Good Morning America телешоуының жүргізушісі Майкл Страхан болды. Сонымен қатар, саяхатқа төрт турист – Дилан Тейлор, Эван Дик, Лейн Бесс және Кэмерон Бесс шыққан.

Еске салайық, Blue Origin негізін америкалық кәсіпкер, Amazon басшысы Джефф Безос құрған. Компания суборбиталь рейстер жасайды, оның біріншісі 20 шілдеде орындалды. Оған Безостың өзі, оның ағасы Марк, 82 жастағы Уолли Фанк және 18 жастағы голландиялық Оливер Даймен қатысты.

New Shephard зымыраны екінші рет қазанда ұшты. Оған кәсіпкер Глен де Фриз, 90 жастағы актер Уильям Шатнер, Blue Origin компаниясының вице-президенті Одри Пауэрс және NASA-ның бұрынғы инженері Крис Бошуизен қатысты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети