"Ұшатын сегвейдің" сынақтан өткен сәті түсірілген видео пайда болды

20 Қаңтар 2018, 11:02
0
"Ұшатын сегвейдің" сынақтан өткен сәті түсірілген видео пайда болды - Видеодан алынған скриншот
Видеодан алынған скриншот

Франциялық Zapata компаниясы Zapata Ezfly деп аталатын ұшатын құрылғыны сынақтан өткізді, деп хабарлады РИА Новости. Сынақ кезінде түсірілген видео оны жасаушылардың YouTube-каналында жарияланды.

Агенттіктің хабарлауынша, сынақ Техаста көлдің үстінде жүргізілген. Видеодан сынаққа қатысушылардың арнайы костюмдер мен шлемдерді киіп, құрылғымен кезектесіп ұшып жүргендерін көруге болады.

Ezfly бірнеше реактивті қозғалтқышы бар платформамен және тұтқалармен жабдықталған, солардың көмегімен құрылғы басқарылады. Аппарат 3 шақырымдық биікке дейін көтеріле алады және жылдамдығын сағатына 130 шақырымға дейін арттыруға мүмкіндігі бар. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай