06 ақпан 2022 | 14:33

10 күнде 10 жыл: биолог коронавирус қартаюға қалай әсер ететінін айтты

COVID-19 адамның биологиялық жасын өзгертуі мүмкін. Бұл туралы молекулярлық биолог, Ломоносов атындағы ММУ ғылыми қызметкері Максим Скулачев Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Иконка комментария блок соц сети

COVID-19 адамның биологиялық жасын өзгертуі мүмкін. Бұл туралы молекулярлық биолог, Ломоносов атындағы ММУ ғылыми қызметкері Максим Скулачев Sputnik радиосына берген сұхбатында айтты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Коронавирус инфекциясынан екпе жасамаған адамдар ауру жұқтырған жағдайда адам ағзасын он күннің ішінде "қартайтып" жіберетін негатив факторларға әсер етуі мүмкін.  

"Егер вакцина салдырмаған болсаңыз және COVID-19 жұқтырсаңыз денсаулығыңызда келесі он жылда пайда болуы керек әсерлер он күннің ішінде пайда болады. Яғни бұл тез қартаюға ұқсайды", - дейді Скулачев.   

Биологтың сөзінше, егде жастағы адамдар арасында COVID-19 өлімі жоғары болуы осы себеппен түсіндіріледі.

Алайда, қартаюдың әдеттегі процесінен айырмашылығы - коронавирустың салдары қайтымды болуы мүмкін. Ол өз көзқарасын коронавирустан кейінгі синдромның емделуін еске салып дәлелдеді.

"COVID-19 адамдардың қартаюын жеделдетуі мүмкін деп айтуға болады, бірақ оның кері әрекеті болады. Мысалы ковидтен кейінгі синдром қарттықтың күтпеген жерден келуіне ұқсас, бірақ одан айығу мүмкін емес. Коронавирус және ковидтен кейінгі кезеңде адамның жағдайы нашар болады, артынша қалыпты биологиялық жасына орала бастайды", - дейді ғалым.  

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети