23 мамыр 2019 | 12:49

2020 жылы медицина саласына 1,5 триллион теңге бөлінуі мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін медицина саласына қосымша қаражаттар бөлінеді. Бұл туралы Ақтөбе қаласына іс-сапарымен келген "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"


Иконка комментария блок соц сети

Сақтандыру жүйесі енгізілгеннен кейін медицина саласына қосымша қаражаттар бөлінеді. Бұл туралы Ақтөбе қаласына іс-сапарымен келген "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов мәлімдеді, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

Кеше, 22 мамыр күні "Халықтың денсаулығын сақтау: саясат, ғылым, білім, алғашқы медициналық-санитарлық жәрдем тәжірибесі" атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Соған қатысқан Айбатыр Жұмағұлов медицина саласында өзгерістер болатынын айтты.

"Тегін медициналық көмек пен медициналық сақтандыруға жалпы 1,5 триллион бөлінеді деп жоспарлап отырмыз. Бұл 2019 жылғы көрсеткіштен 61,5 пайызға артық. Атап айтқанда тегін медициналық көмекке 967 миллиард теңге, ал сақтандыру пакетіне 613 миллиард теңге қарастырылған", - деді Айбатыр Жұмағұлов.

Оның айтуынша, бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдары, яғни, емханалар халық денсаулығының іргетасы. Соған орай, оларға бөлінетін қаржы 31 пайызға ұлғаяды.

"Жаңа жүйе 2020 жылы толық іске қосылады. Реформаға дайындық кезеңінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) және кепілдендірілген тегін медициналық көмек (ТМККК) пакеттеріне енетін қызметтер тізімі қайта қаралып, толықтырылды. ТМККК пакетінің жаңа үлгісінде бастапқы медициналық-санитарлық көмектің рөлі күшейтілді. Себебі, бастапқы медициналық-санитарлық көмек - ТМККК және МӘМС пакеттері шеңберінде көрсетілетін қызметтердің "кілті", - деп атап өтті Айбатыр Жұмағұлов.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети