Адам организмінде антидене бір ай ғана сақталады - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адам организмінде антидене бір ай ғана сақталады - зерттеу © elements.envato.com

Қытайдың Нанкин университетінің Медициналық мектебінің ғалымдары COVID-19-ға қарсы антиденелер науқас аурудан айыққаннан соң 1 айдан кейін азая бастайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Express.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қытайдың Нанкин университетінің Медициналық мектебінің ғалымдары COVID-19-ға қарсы антиденелер науқас аурудан айыққаннан соң 1 айдан кейін азая бастайтынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Express.

Зерттеу барысында ғалымдар коронавирусты жеңіл өткеріп жатқан 19 науқастың және ауруды ауыр өткеріп жатқан жеті науқастың антиденеге деген реакциясын бақылаған. 

Нәтижесінде аурудан айыққан 81 пайыз науқаста антидене қалыптасқан, алайда оның кейбірінде ғана инфекцияны бейтараптандырып немесе мүлде өлтіріп тастауға күші жететіні анықталған. Ғалымдар аурудан айыққан науқастарда антидененің бейтараптандыру қасиеттері үш-төрт аптадан кейін азая бастағанын айтады. 

Мамандардың сөзінше, егер организмде антидене ұзақ уақыт сақтала алмаса вакцина вирустан тұрақты түрде қорғай алмайды деген сөз. 

"Организм антиденелер шығаратын адаптивті реакцияларды түсіну арқылы тиімді емдік және профилактикалық вакциналарды жасау үшін негізгі ақпаратты ала аламыз", - дейді зерттеу авторлары.

Алайда америкалық ғалымның бұған дейінгі зерттеуінде COVID-19-дан жеңіл өткен науқастың көбінің организмінде антидене үш айға дейін сақталғаны айтылған еді.  

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети