Адамдар алты жылға ұзақ өмір сүретін болған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адамдар алты жылға ұзақ өмір сүретін болған ©voxpopuli.kz

Адамзат орташа есеппен 1990 жылға қарағанда алты жылға ұзақ өмір сүретін болды, - деп хабарлайды "Интерфакс" The Lancet медициналық журналына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Адамзат орташа есеппен 1990 жылға қарағанда алты жылға ұзақ өмір сүретін болды, - деп хабарлайды "Интерфакс" The Lancet медициналық журналына сілтеме жасап.

Адамдардың өмір жасы 1990-2013 жылдар аралығында 65,3 жылдан шамамен 71,5 жылға ұзарды. Ерлердің өмір сүру деңгейі 5,8 жылға ұзарса, ал әйелдер 6,6 жылға көп өмір сүретін болды.

Соған қарамастан, Африканың оңтүстігіндегі елдерде қарама-қайшы тенденция байқалып отыр: бұл елдерде өмір сүру ұзақтығы СПИД, ВИЧ сияқты аурулардың салдарынан бес жылдан астам уақытқа қысқарған.

Өмір сүруге қолайсыз саналатын кейбір елдерде адамдардың өмір жасы соңғы екі онжылдықта, керісінше, айтарлықтай ұзара түскен. "Мәселен, Непал, Руанда, Эфиопия, Нигер, Мальдив аралдары, Шығыс Тимор мен Иранда адамдар 12 жылға көп өмір сүретін болды. Адамдар ең көп қайтыс болуының басты себебі ретінде баяндамада бауыр обыры, жүрек соғу жиілігінің бұзылуы, есірткі қабылдаған соң пайда болатын аурулар, бүйректің созылмалы ауруы, қаназдық, қант диабеті және обыр көрсетілген", - делінген басылымда.

Ағылшын басылымында жарияланған баяндамада өмір сүру ұзақтығының басты себебі обыр және жүрек ауруларының азаюына байланысты екені жазылған. Ал дамымаған елдердегі өмір сүрудің ұзаруы диарея, өкпе қабынуы және балалар ауруларының азаюынан деп түсіндірілген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети