Италия хирургі Серхио Канаверо 2017 жылы әлемде тұңғыш рет адамның басын ауыстырмақшы, - деп хабарлайды РИА Новости. Ғалымның айтуынша, басты ауыстыру арқылы көп адамның өмірін сақтап қалуға болады, әсіресе, онкологиялық ауруға шалдыққандарды.
Италия хирургі Серхио Канаверо 2017 жылы әлемде тұңғыш рет адамның басын ауыстырмақшы, - деп хабарлайды РИА Новости. Ғалымның айтуынша, басты ауыстыру арқылы көп адамның өмірін сақтап қалуға болады, әсіресе, онкологиялық ауруға шалдыққандарды.
Канавероның әдісі бұрын бір маймылдың басын екіншісіне ауыстыру әдісіне негізделіп отыр. Алайда ол кезде маймыл бар болғаны тоғыз күн өмір сүрді, оның иммундық жүйесі бөгде денені қабылдамаған. Хирург ота жасаудың технологиясын жақын екі жылда жетілдіруді көздеп отыр. Ол өзінің жобасын Американың ортопедия және неврология хирургтарының академиясында өтетін конференцияда таныстыруды жоспарлап қойды.
Дәрігердің айтуынша, басты ауыстыру операциясы ең алдымен пациенттің денесі мен донордың жасушалары оттегісіз ағзада өмір сүре алғанша суытудан басталады. Содан кейін ірі қантамырлары мен жұлын бөлек алынады. Донор мен науқас жұлындарының ұшы арнайы затпен жабыстырылады. Осыдан кейін адам қозғалмауы үшін төрт апта бойы жасанды комаға жатқызылады, бұл күретамырлар мен бұлшық еттердің жазылуы үшін қажет. Канавероның айтуынша, адам оянғаннан кейін өзінің түрін сезініп, бір жылдың ішінде қайтадан жүріп үйренеді.
Айта кетейік, адамның басын ауыстыру туралы Италия хирургтарының арасында қызу пікірталас болды. Дәрігерлердің кейбірі бұл жобаны медицина саласындағы серпін деп қабылдаса, енді бірі мұндай операция сәтсіздікке ұшыратады деп есептейді. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, бұл мәселенің техникалық жағы мүлдем зерттелмеген.