13 жыл бұрын АИТВ-жұқпасынан жазылған алғашқы адам америкалық Тимоти Рэй Браун АҚШ-та қатерлі ісіктің қайталануынан кейін қайтыс болды. Бұл туралы оның Facebook-парақшасында жазылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
13 жыл бұрын АИТВ-жұқпасынан жазылған алғашқы адам америкалық Тимоти Рэй Браун АҚШ-та қатерлі ісіктің қайталануынан кейін қайтыс болды. Бұл туралы оның Facebook-парақшасында жазылды, - деп хабарлайды РИА Новости.
"Тимоти бес ай бойы лейкемиямен күресіп, бүгін 15:10-да менің және достарының қасында қайтыс болғанын өкінішпен хабарлаймын", - деп жазды оның серіктесі Тим Хеффген Facebook-парақшасында.
Браун "Берлиндік науқас" деп танылған, оған 2007 жылы донорлық жілік майы трансплантациясын жасаған. Трансплантация қатерлі ісікті емдеу үшін жасалған, бірақ сонымен бірге АИТВ-инфекциясын жеңуге көмектесті. Содан бері Браунда АИТВ белгілері байқалмаған. 2019 жылы лейкемия оралған. БАҚ мәліметінше, Браун соңғы кездері Калифорниядағы хосписте болған.
2020 жылы наурызда дәрігерлер АИТВ-дан екінші науқас жазылғанын растаған. New York Times басылымы аурудан жазылған "Лондондық науқастың" Венесуэла тумасы, 40 жастағы Адам Кастильехо екенін хабарлаған. Ол 2003 жылдан бері АИТВ-инфекциясымен күрескен, ал 2012 жылы қатерлі Ходжкин лимфомасы диагнозы қойылған. Браун сияқты оған да донорлық жілік майы трансплантациясы жасалған.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!