19 қазан 2021 | 12:44

АҚШ-та COVID-19-ға қарсы ревакцинацияда түрлі екпелерді қолдануға рұқсат етілді

Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет ©REUTERS Сурет ©REUTERS

Америкалықтарға коронавирусқа қарсы түрлі өндірушілер шығарған екпенің қосымша дозасын алуға рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Америкалықтарға коронавирусқа қарсы түрлі өндірушілер шығарған екпенің қосымша дозасын алуға рұқсат берілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Daily Mail сайтына сілтеме жасап.

Азық-түлік және дәрі-дәрмек басқармасы (FDA) азаматтарға COVID-19-ға қарсы алғаш алған вакцинадан басқа өндірушінің препаратын алуға рұқсат берді.

Келер аптада Johnson & Johnson мен Moderna компанияларының препараттары ревакцинацияға рұқсат етіледі деп жоспарланып отыр және вакцинаның күшейткіш дозасын ала алатын АҚШ тұрғындарының қатары көбейеді. Сондай-ақ, басында алған вакцинаны шығарған өндіруші компанияның препаратын да қайта алуға болатыны айтылды.

Ұлттық денсаулық сақтау институтының (NIH) зерттеушілері FDA консультативтік комитеті отырысында Johnson & Johnson вакцинасын алған адамда антиденелердің деңгейі Pfizer-BioNTech немесе Moderna препаратын салғаннан гөрі жоғары екені көрсетілгеннен кейін осындай шешім шығарылды.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басында бұған қарсы болса да, иммунитеті әлсіз адамдарға вакцинаның үшінші дозасын ұсынған.

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа қарсы қайта вакцинациялау тәсілдері әзірленген. Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Sputnik V вакцинасын алған қазақстандықтарды Sputnik Light-ты қайта сала алатынын айтқан.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети