АҚШ-та коронавирусты анықтауға арналған жаңа тест мақұлданды

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-та коронавирусты анықтауға арналған жаңа тест мақұлданды Фото:elements.envato.com

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) Йель университетінде жасалған жаңа коронавирус сынағын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Reuters.

ПОДЕЛИТЬСЯ

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмектер басқармасы (FDA) Йель университетінде жасалған жаңа коронавирус сынағын қолдануға рұқсат берді, - деп хабарлайды Reuters.

SalivaDirect - сілекей негізіндегі тест. Ол мұрын-жұтқыншақ қуысынан немесе биологиялық материалды алу үшін арнайы құрылғыны қажет етпейді дейді мамандар.

FDA басшысы Стивен Хан тестті тиімділігі бойынша "революциялық" деп атады және ол маңызды компоненттердің жетіспеушілігіне ұшырамайды екен.

Агенттіктің хабарлауынша, жаңа тест арзан әрі қарапайым, ол нуклеин қышқылын алуды қажет етпейді және тест жүргізу үшін оңай қолжетімді реактивтер ғана қажет.

"Біз тестті жеңілдеттік, оған қажет реагенттер бірнеше доллар тұрады және клиникалық зертханаларда бұл процедура шамамен 10 доллар (4 183 теңге) болады деп болжаймыз, - деді Йель университетінің қоғамдық денсаулық сақтау кафедрасының профессоры Натан Грабо.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети