28 ақпан 2014 | 11:56

Ақсу тұрғыны ауруханадан 5 миллион теңге талап етті

ПОДЕЛИТЬСЯ

 tengrinews.kz Иллюстрациясы tengrinews.kz Иллюстрациясы

"Дәрігерлердің кінәсінен мүгедек болып қалған Павлодар облысы Ақсу қаласының тұрғыны өтемақы ретінде ауруханадан 5 миллион теңге талап еттіп отыр" деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты. Ақсу тұрғыны Ақлима Едігенова Ақсу Орталық ауруханасын сотқа берді. Дәрігерлердің қателігінен мүгедек болып қалған ол, моралдық шығын ретінде 5 миллион теңге талап етіп отыр. Ақлима Едігенова дәрігерлердің қателік жіберуі салдарынан мүгедек болып қалғанын айтады. Оның сөзіне қарағанда, өткен жылдың маусым айында арқа тұсы және басы қатты ауырып, жедел жәрдем шақырған. "Жедел жәрдеммен Ақсу ауыруханасының фельдшері келді. Бұл "остеохондроз" деп бір мезгілде жамбасыма екі екпе (Sol.Ketotopi және Sol.Magnesii sulfatis) жасады. Арадан жарты сағат өткенде сол жақ жамбасым ауырып, сол жақ аяғым күлдірей бастады. Сонан соң аяғым ұйыды, бірақ ауырғаны басылмады. Ал, ертеңіне екі аяғым да сал болып қалды", - дейді ІІ топ мүгедегі Ақлима Едігенова. Едігенованың сөзіне қарағанда, сол жағдайдан кейін дәрігерлер оған он ай амбулаториялық ем жасап, жағдайы нашарлаған соң ғана шұғыл түрде ауруханаға жатқызған. Аталмыш оқиғаға орай Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Павлодар облыстық департаменті қызметкерлері тексеру жүргізілген. Тексеру нәтижесі дәрігерлердің қателік жібергенін анықтаған. Тексеруші органның қортындысы бойынша, фельдшер еккен екпенің бірі остеохондрозға қарсы қолданылмауы керек. Науқасқа егілген екі екпенің химиялық құрамы оларды бір мезгілде егуге болмайтынын көрсеткен. Онымен қоса, фельдшер науқастың құймышақ жүйкесін зақымдаған. "Дәрігерлердің кінәсінен сау адамнан мүгедекке айналдым. Қазіргі уақытта мен тек таяқтың көмегімен ғана қозғала аламын. Өйткені, сол аяғым әрекет етпейді. Болған жағдайды жазасыз қалдыруға болмайды. Сондықтан сотқа жүгіндім", - дейді Едігенова. Қазіргі уақытта бұл жағдаймен бақылаушы органдар мен полиция айналысып жатқанын айта кеткен жөн.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети