06 маусым 2022 | 14:16

Ақтаудағы түлектердің жол апатына түсуі: дәрігерлер оқушылардың жағдайын айтты

Жансая Қадыржанова Корреспондент
Сурет: lada.kz

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының маманы Сайөтес ауданындағы тасжолда жол апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды lada.kz

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Маңғыстау облыстық балалар ауруханасының маманы Сайөтес ауданындағы тасжолда жол апатынан зардап шеккен екі адамның жағдайы туралы айтты, - деп хабарлайды lada.kz

Дәрігерлердің айтуынша, жол апатынан зардап шеккендердің бірі комадан шыққан, ол жансақтау бөлімінде жатыр. Бұрын оның жағдайы өте ауыр деп бағаланған еді, сондай-ақ, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған болатын. Ал жамбас сүйегі жарақаттанған екінші адамның жағдайы тұрақты екені айтылды.

Еске салайық, бұған дейін Маңғыстауда жол апатынан жеті түлек зардап шеккені хабарланған болатын. Кейінірек екі түлек ауыр халде жатқаны белгілі болды. Сонымен қатар, Маңғыстау облысының көпсалалы балалар ауруханасының дәрігерлері жол апатынан зардап шеккен түлектердің жағдайы туралы айтып берген еді. 

Реклама
Реклама

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная