Реклама +7(700) 388 81 09
  1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Маңғыстауда жол апатынан жеті түлек зардап шекті 25 мамыр 2022, 22:33

25 мамырда Маңғыстау облысының Сай-Өтес ауылында тасжолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау
  • ПОДЕЛИТЬСЯ
  • Vkontakte
  • Facebook
  • Twitter
  • Одноклассники
  • Telegram
Новостью поделились: человек
  • Қате таптыңыз ба?

Фото: lada.kz Фото: lada.kz

25 мамырда Маңғыстау облысының Сай-Өтес ауылында тасжолда жол апатынан жеті мектеп түлегі зардап шекті. Бұл туралы облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Мөлдір Әділ мәлімдеді, - деп хабарлайды Lada.kz.

Жеті адам әртүрлі дәрежедегі жарақат алды, олардың екеуі ауыр халде жатыр.

"Апатта екі түлек санитарлық авиациямен облыстық ауруханаға жеткізілді. Олар ауруханаға өте ауыр жағдайда түсті. Қалған бес баланың жағдайы орташа. Олар Маңғыстау аудандық ауруханасында жатыр", - деді Маңғыстау аудандық ауруханасы директорының орынбасары Орынгүл Мұқанова.

Бұған дейін Желіде Ақтау көшелерінде тәртіп бұзған түлектер видеоға түсіп қалған еді. Түлектер мінген көліктер қауіпті трюктер жасаған. Сонымен қатар, кадрларда мектеп бітірушілердің көліктің терезелерінен бастарын шығарып, айқайлап жүргенін байқауға болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Подпишись на почтовую рассылку Tengrinews.kz. Получай все самое главное за неделю каждую пятницу на свой адрес.


Join Telegram
Төреғали Төреәлі ұсталды
Астанада алғашқы қар жауды
Тоқаев Абай облысына барды