29 қаңтар 2014 | 18:25

Ақтөбе қаласында жүкті робот пайда болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүкті робот. Сурет СТВ телеарнасынан алынған Жүкті робот. Сурет СТВ телеарнасынан алынған

"Ақтөбе қаласында медициналық оқу орындарының студенттерін оқытып-үйретуге арналған жүкті робот пайда болды. Өзгеше агрегат ақтөбеліктерге 16 миллион теңгеге түскен" деп хабарлайды Tengrinews.kz СТВ телеканалына сілтеме жасап. Медициналық университетте болашақ гинекологтар мен акушерлер үшін жаялықты, таразыны, инкубаторды пайдалануға және жүкті робот көмегімен әйелді босандыруға үйрететін арнайы машықтанатын бөлме жасалған. Робот адам бойымен бірдей етіп жасалған, сондықтан онымен дәл жүкті әйелді босандырған сияқты жұмыс істеуге болады. "Бұл жерде кәдігі физиологиялық босандыру мен хирургиялық қатысуды, яғни кесар тілігі арқылы босандыруды, сондай-ақ қан кеткен сәтте қалай көмек көрсетілуі сияқты әртүрлі жағдайды үйренуге болады. Яғни, клиникалық тәжірибеде кезігетін барлық жағдайды жасап, көруге болады. Жүрек соғысы, дене қызуы, қан қысымы, тіпті несеп пен қанның анализдері экраннан көрінеді" - дейді Батыс Қазақстан мемлекеттік медициналық университетінің клиникалық оқу орталығының басшысы Қайрат Құрманғалиев. Жүкті робот шынымен де босана алады. Оның баласының аты Ноэль. Ол жаңа туған бала сияқты кислород жетіспеушілігінің әсерінен түсін өзгертеді. "Босандыру әр кез сәтті бола бермейді. Ноэльдің көмегімен шынайы өмірде босану кезінде кезігетін барлық күрделі жағдайлардан шығу жолдарын үйренуге болады. Бұл болашақ акушерлерді шынайы өмірде өзін қалай ұстауға үйретеді және өрескел қателік жібермеуден сақтандырады" - дейді университет оқытушысы Мөлдір Исполова.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети