24 шілде 2019 15:43

Ақтөбеде донорлардың саны артқан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде биыл қан тапсыратындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға көбейген, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".


Ақтөбеде биыл қан тапсыратындардың саны өткен жылмен салыстырғанда 1,5 пайызға көбейген, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".

Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша облыста 3718 литр қан тапсырылған. Мамандар өз еркімен келіп донор болатындардың арасында мемлекеттік қызметкерлер мен жастарды ерекше атады.

"Біздің орталыққа мемлекеттік қызметкерлер көп келеді. Жастар арасында Сақтаған Бәйішев атындағы университет пен Ақтөбе медициналық колледжінің студенттері белсенді. Болашақ офицер болатын курсанттарымызда жиі келеді. Спорт басқармасы игі іске өз үлестерін қосып қан тапсырығысы келетін екі жүз адамның тізімін берді. Тамыз айына дейін барлығы тапсыратындарын айтты. Ал аудандар арасынан Мұғалжар мен Қобданы өте белсенді деп айтуға болады. Бізді өздеріне жиі шақыртады", - дейді облыстық қан орталығы басшысының орынбасары Гүлсім Әбдірахманова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети