2014 жылдың 25-29 тамызы аралығында Астана, Семей, Курчатов қалаларында "Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін" халықаралық қозғалысының ХХІ Дүниежүзілік конгресін өткізеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік органның Жауапты хатшысы Серікбол Мусиновтың төрағалығымен селекторлық режимде өткен кеңесте айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2014 жылдың 25-29 тамызы аралығында Астана, Семей, Курчатов қалаларында "Әлем дәрігерлері ядролық соғысты болдырмау үшін" халықаралық қозғалысының ХХІ Дүниежүзілік конгресін өткізеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінде мемлекеттік органның Жауапты хатшысы Серікбол Мусиновтың төрағалығымен селекторлық режимде өткен кеңесте айтылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Дүниежүзілік конгресс жұмысына 300-ден астам делегат қатысады, соның ішінде 270 шетелдік қонақ бар: Ресей, АҚШ, Австрия, Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Филиппин, Жапония, Нигерия сияқты 43 мемлекеттен көрнекті қайраткерлер, ғалымдар, саясаткерлер, жас ғалымдар, студенттер келетін болады.
Кеңесте электрондық денсаулық сақтау кеңістігіндегі ақпараттық қауіпсіздік, Ұлттық телемедицина желісін дамыту мәселелері де қаралды. "ҚР Денсаулық сақтау министрлігі денсаулық сақтауды ақпараттандыру саласындағы қауіпсіздік жағдайының деңгейін арттыруға бағытталған денсаулық сақтау саласындағы бірқатар стандарттар мен регламенттерді бекітті. ҚР электрондық денсаулық сақтау саласын дамытудың 2013-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі регламенттің талаптарын ескере отырып, техникалық құжаттама әзірленді. Ақпараттық қауіпсіздік саласындағы пайдаланушылар мен қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру жөніндегі іс-шаралар жүргізілуде. Нормативтік техникалық құжаттамаға қойылатын барлық талаптарының орындалуына бақылау жүргізіледі және жүйені құрудағы осалдықтарды айқындау кезінде аудит жасалынады", - делінген хабарламада.
Министрліктің мәліметінше, Қазақстанда 2004 жылдан бастап, Ұлттық телемедицина желісін құру және дамыту жөніндегі бағдарлама іске асырылып жатыр. Бүгінгі таңда оның құрамына 190-нан астам нысан кіреді. Бұл – ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, облыстық, қалалық ауруханалар, аудандық орталықтар, республикалық клиникалар, медициналық ЖОО-дары, өңірлік басқармалар, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығы.
"Ұлттық телемедицина желісі бейнеконференциялық байланысты жүргізу үшін пайдаланылады. 2014 жылдың 7 айында 160-тан астам сеанс өткізілді. Республикалық клиникалар бейінді аурулар бойынша облыстық, аудандық ауруханалар үшін теледәрістер мен телесеминарларды өткізеді", - деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта 2016-2018 жылдарға арналған Ұлттық телемедицина желісін жаңғырту бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр.