Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін © REUTERS

Гарвард университетінің эпидемиологы Марк Липсич бір жылдан соң әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды ScienceMag.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Гарвард университетінің эпидемиологы Марк Липсич бір жылдан соң әлем халқының 70 пайызы коронавирус жұқтыруы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды ScienceMag.

"Болашақта осы вирусты жұқтырғандарда ешқандай белгі болмауы мүмкін. Аурудың ешқандай белгілері байқалмай, адам өзін бірден нашар сезінеді", - дейді ғалым.

Оның айтуынша, бүгінде коронавирус өте тез таралып жатыр.

"Мысалы, СOVID-19 вирусы АҚШ-та бүкіл елде тарауы үшін 100-200 адам осы вирусты жұқтырса болғаны. Алдағы жылы әлем халқының 40 пайызынан 70 пайызына дейін вирус жұқтыруына жол беріп отырмыз, яғни 5,3 миллиард адамға дейін осы вирусты жұқтыруы мүмкін", - дейді Марк Липсич.

COVID-19: Вакцина жасауға 2 жыл қажет

Еске салайық, Қытай билігі 2019 жылы 31 желтоқсанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымын Ухандағы белгісіз пневмонияның белең алуы туралы хабардар етті. Мамандар аурудың қоздырғыштарын анықтады - бұл жаңа коронавирус. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық маңызы бар төтенше жағдай деп танып, ауруға ресми атау берді - COVID-19.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети