05 ақпан 2018 12:13

Алкогольден қатерлі ісіктің жеті түрі пайда болатыны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости/Алексей Куденко © РИА Новости/Алексей Куденко

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алкоголь ішімдіктерін ішу мен онкологиялық аурулардың байланысына қатысты ескерту жасады, - деп жазады РИА Новости.


Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы алкоголь ішімдіктерін ішу мен онкологиялық аурулардың байланысына қатысты ескерту жасады, - деп жазады РИА Новости.

Ұйымдағылардың мәліметінше, осыған дейін ғалымдар спирттік ішімдіктерді қолданудың кем дегенде ісіктің жеті түріне алып келетінін анықтаған: аш ішек пен тоқ ішек ісігі, сүт безі ісігі, өңеш ісігі, көмей ісігі, бауыр ісігі, ауыз қуысы ісігі мен тамақ ісігі.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымының мамандары алкогольдің организм жасушаларын зақымдап, қатерлі ісіктің пайда болу қаупін арттыратынын айтты. Ал алкоголь мен темекіні бірге қолдану онкологиялық аурулардың пайда болу қаупін бірнеше есе арттырады екен.

Мамандардың айтуынша, әйел адам күніне 4 бокал шарап ішсе, сүт безі ісігінің пайда болу қаупі 50 пайызға артады. Ал күніне 8 бокал шарап ішсе, ісіктің пайда болуы қаупі 130 пайызға артады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети