Алматыда кәсіпкерлер науқас балалар үшін қан тапсырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда кәсіпкерлер науқас балалар үшін қан тапсырды ©Алматы қаласы КП баспасөз қызметі

Бүгін, 27 маусым күні Алматыда кәсіпкерлер мен басқа да қала тұрғындары онкологиялық ауруларға шалдыққан балалар үшін 10 литрге жуық қан тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгін, 27 маусым күні Алматыда кәсіпкерлер мен басқа да қала тұрғындары онкологиялық ауруларға шалдыққан балалар үшін 10 литрге жуық қан тапсырды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Донорлық акцияны палата ұжымы бүкіләлемдік қан доноры күніне орай Қазақстанның "Қызыл Жарты ай" қоғамдық ұйымымен бірлесіп өткізді. "Қызыл Жарты ай" өкілдерінің айтуынша, Қазақстанда донорлық қан өткізу мәселесі өте өзекті болып отыр. Өйткені, өз еркімен қан тапсырушылар аз. Мұның басты себептерінің бірі - қан тапсырушыларды ынталандыру жүйесінің қалыптаспауы мен халық арасында кең насихатталмауы.

"Халық арасынан әрбір 1000 адамға 40 донордан қажет. Ал елімізде мың адамға бар болғаны 17-18 донор табылады екен. Бұл 40%-дан әлдеқайда төмен. Осы мәселелерді қаперге ала отырып, Қазақстанның "Қызыл жарты ай" қоғамы тез арада донор болу проблемасын шешудің жолдарын қарастыру керек деп есептейді", - дейді қоғамдық бірлестіктің әлеуметтік және мәдени бағдарламалар департаментінің директоры Марат Мелдеханов.

"Статистикалық мәлімет бойынша, жер бетіндегі әрбір үшінші адам өз өмірінде кемінде бір рет әлдекімнің қанына зәру болады. Донор болу - жүздеген және мыңдаған адамның тағдырын құтқару", - кәсіпкер Андрей Филоменко. Ол қан тапсырғаны үшін қандай да бір сый алуды дәметпейтінін айтты.

Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Светлана Ыдырысова қан тапсырушылардың жауапкершілігі туралы айтты: "Біз кәсіпкерлеріміз бен өз қызметкерлерімізге ұсыныс тастадық. Мейірімді жандар өз еркімен, донор болып жатыр. Акцияға келген донорлардың санына қарап, науқас балалардың өміріне бейжай қарай алмайтын азаматтардың көптігіне көз жеткіздік".

Донор болу акциясына Алматы қаласының кәсіпкерлер палатасымен қоса, "Нұр Отан" партиясы Алматы қалалық филиалы, "Казкоммерцполис" сақтандыру компаниясы өкілдері мен қаладағы түрлі оқу орындарының студенттері мен оқытушылары келіп қатысты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети