Алматыда бір жастағы баланың қолына аяғының саусағы ауыстырып салынды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото: "Мейірім" ерікті қоғамы" қоғамдық қоры Фото: "Мейірім" ерікті қоғамы" қоғамдық қоры

Алматыда 1 жасар баланың қолына аяғының саусағы ауыстырып салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда 1 жасар баланың қолына аяғының саусағы ауыстырып салынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматыда №2 балалар қалалық клиникалық ауруханасы базасында аяқ-қолында сирек патологиясы бар балаларға ота жасалды. №2 БҚКА травматолог-микрохирургтары және әлемге әйгілі микрохирург, Мәскеу қаласының РХДУ травматология және ортопедия кафедрасының профессоры Игорь Голубевпен бірге 6 пациентке ота жасалды.

Туа біткен және жүре пайда болған ақауы бар алты қазақстандық баланың аяқ-қолына жасалған оталар сәтті аяқталды.

Балалардың бірінің әжесі Мира Қалибекованың немересінің оң қолының білегі болмаған.

"Менің немеремнің туған кезде оң қолының білегі болмады, ал сол қолының бас бармағы толық дамымаған болды. Қызым "Мейірімділік" қоғамдық қорына жүгінді, тексеруден кейін дәрігерлер аяқтың бармағын сол қолға ауыстырып салуға болатынын айтты. Бұл оған сол жақ қолымен стақан ұстауға, сол қолды толығымен пайдалануға мүмкіндік береді. Болашақта мектепке барғанда сол қолымен қалам ұстап, жаза алу үшін қажет", - дейді баланың әжесі.

№2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров баланың жағдайы туралы айтты.

"Мүбарак оң қолдың аплазиясымен және сол қолдың бірінші және екінші саусақтарының фалангалары жоқ болып дүниеге келді. Бала жүреді, ойнайды, ата-анасы оған оң білегіне косметикалық протезге тапсырыс берді. Даму жағынан бала өз қатарынан қалмайды, оның барлық анализі қалыпты. Саусақты қолға трансплантациялау бойынша ота сегіз сағатқа созылды. Мүбаракқа қалпына келу қажет. Мұндағы барлық ота әртүрлі сипатта болды. Оның ішінде туа біткен ақаулар да, жарақат алғаннан пайда болған ерекшеліктер де бар", - деді №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының директоры Марат Рабандияров.

"Мейірімділік" ерікті қоғамы" қоғамдық қорының директоры Аружан Саин қанша балаға ота жасалғанын айтты.

"Алматы қаласынның №2 Балалар қалалық клиникалық ауруханасының 20-дан аса қызметкері мастер-классқа қатысты. Аяқ-қолында туа біткен және жүре пайда болған ақауы бар барлық баланың ішінен біздің дәрігерлер консилиумы көмек көрсетілген алты пациентті таңдады. Мұндай мастер-классты дәрігерлердің кәсібилігінсіз, сондай-ақ, біздің бас серіктесіміз -Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қолдауынсыз өткізу мүмкін болмас еді", - деп қорытындылады "Мейірімділік" ерікті қоғамы" қоғамдық қорының директоры Аружан Саин.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Тоқаев Шымкентке барды
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 516.91  course down  589.9  course up  6.27  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro