25 қаңтар 2021 | 17:23

Алматыда дәрігерлер мен мұғалімдерді вакцинациялау қалай жүзеге асады?

©REUTERS

Алматыда №4 қалалық емхананың дәрігерлері коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы кезеңі туралы айтып берді. Дәрігерлер мен мұғалімдерге ресейлік "Спутник-V" вакцинасы үш кезең бойынша салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Алматыда №4 қалалық емхананың дәрігерлері коронавирусқа қарсы вакцинацияның алғашқы кезеңі туралы айтып берді. Дәрігерлер мен мұғалімдерге ресейлік "Спутник-V" вакцинасы үш кезең бойынша салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазір емханада 460 қызметкер жұмыс істейді. Олардың 270-іне ресейлік "Спутник-V" препаратын салу жоспарланған. Ол туралы бас дәрігердің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Зарина Алтынбекова мәлімдеді.

Реклама
Реклама

​"Бірінші кезеңде, 1 ақпаннан бастап "Спутник-V" вакцинасын жұқпалы аурулар ауруханаларының, жедел медициналық жәрдем, реанимация бөлімдері, қабылдау бөлімдері, санэпидқызмет медицина қызметкерлері қабылдайды.

Екінші кезеңде, 1 наурыздан бастап жалпы білім беретін мектеп, жоғары оқу орындары, ОАОО педагогтары, медицина қызметкерлері вакцина қабылдайды.

Үшінші кезеңде, 1 сәуірде бастап мектеп-интернат, мектепке дейінгі балаларды оқыту мекеме педагогтары, студенттер мен созылмалы аурулары бар адамдар вакцина қабылдай алады", - деді Алтынбекова.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрлігі QazCovid-IN коронавирусына қарсы қазақстандық вакцинаны қабылдаған еріктілерде жанама әсер пайда болғаны туралы хабарлады. Ведомство мәліметінше, еріктілерде жағымсыз реакциялар пайда болған. Бірақ әсері жылдам тарап кеткен.

Жаппай вакцинациялауға қарсы көкшетаулықтар алаңға шықты

QazCovid-IN вакцинасын қабылдаған еріктілерге салықты шегергенде 200 000 теңге мөлшерінде сыйақы және денсаулыққа зиян келтірген жағдайда денсаулығын сақтандыруға міндеттелген. Қазақстандық QazCovid-IN вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болған жағдайда 500 000 теңге мөлшерінде сақтандыру төлемі беріледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная