25 қаңтар 2021 12:40

ДСМ коронавирусқа қарсы қазақстандық вакцинаның жанама әсері туралы айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:primeminister.kz Фото:primeminister.kz

Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы QazCovid-IN қазақстандық вакцинасын салдырған еріктілерде қандай жанама әсер болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа қарсы QazCovid-IN қазақстандық вакцинасын салдырған еріктілерде қандай жанама әсер болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Клиникалық сынақтың бірінші және екінші кезеңінен кейін барлық жанама әсер зерттеу хаттамасында көрсетілгендей болды. Еріктілер гиперемия, шаншу және қышу секілді жанама әсерлер туралы айтты", - делінген хабарламада. 

Коронавирусқа қарсы QazCovid-IN вакцинасын сынақтан өткізудің бірінші және екінші кезеңіне 244 және 200 ерікті қатысқан. Үшінші клиникалық зерттеуге 3000 ерікті қатысқан. 

Сонымен қатар, барлық еріктіге 200 000 теңге көлемінде сыйақы берілген. Қазақстандық вакцинаны салдырған ерікті қайтыс болған жағдайда 500 мың теңге көлемінде сақтандыру төлемі қарастырылған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети