18 қаңтар 2021 16:22

Ерікті QazСovid-in вакцинасынан қайтыс болса 500 мың теңге төлем жасалады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстандық QazСovid-in вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болса 500 мың теңге мөлшерінде сақтандыру көзделген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне клиникалық сынаққа қатысатын еріктілердің бірі хабарлады.


Қазақстандық QazСovid-in вакцинасын сынақтан өткізу кезінде ерікті қайтыс болса 500 мың теңге мөлшерінде сақтандыру көзделген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне клиникалық сынаққа қатысатын еріктілердің бірі хабарлады.

Қатысушының айтуынша, еріктілерге жарты миллион теңге мөлшерінде сақтандыру төленетіні айтылған. Сертификатқа сәйкес, сынақ субъектісінде вакцинация салдарғаннан I, II, III топтағы мүгедектік немесе өлім жағдайы тіркелсе төлемақы беріледі. Сақтандыру 180 күнге (6 ай) жарамды.

Бұған дейін клиникалық сынаққа қатысқандарға 200 мың теңге көлемінде сыйақы төленетіні уәде етілген. Алайда, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ескерсе, түпкілікті сома шамамен 160 мың теңге.

QazСovid-in қазақстандық вакцинасын клиникалық зерттеу III кезеңнен тұрады және оған 3 мың адам қатысады. Еріктілер Алматы мен Тараз қалаларында қабылданды.

Вакцина салудың екі кезеңі бар: бірінші дозаны 1-күні, екінші дозаны – 21-күні салады.

QazСovid-in инактивтендірілген вакцинасын әзірлеумен биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты өткен жылдың наурыз айының соңынан бастап айналысады. Тамыз айында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДСҰ) қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаны клиникалық сынаққа жіберілген вакциналар тізіміне ресми түрде енгізгені белгілі болды. Қазір клиникалық сынақтың III кезеңі өтіп жатыр.

Айта кетейік, бұл вакцинаны білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев және Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин салған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети