Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адамға қатысты дерек шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда коронавирустан қайтыс болған екі адамға қатысты дерек шықты Фото: elements.envato.com

Алматыда 21 маусымда коронавирустан екі адам қайтыс болды. Қаланың денсаулық сақтау басқармасындағылар өлімнің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда 21 маусымда коронавирустан екі адам қайтыс болды. Қаланың денсаулық сақтау басқармасындағылар өлімнің мән-жайын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"1960 жылы туған ер адам 5 маусымда инфекциялық стационарға жатқызылды. Жансақтау бөлімінде өкпені жасанды желдету аппаратында жатты. Ауруханаға түскенде  екі жақты полисегментарлы пневмония болғандықтан жағдайы ауыр болатын.

Диагностика және емдеу хаттамасына сәйкес емделді. Соған қарамастан, жүрек қызметі тоқтады, 30 минут бойы реанимациялық шаралар жасалғанмен, қайтыс болды", - деп хабарлады басқармадағылар.

Қайтыс болған екінші адам 63 жаста болған. Маусымның басында ЖРВИ белгілерімен ауырған. Үйде өздігінен емделген.

"14 маусымда жедел жәрдем көлігімен инфекциялық стационарға жатқызылды. Сол кезде коронавирус инфекциясының талдауы оң нәтиже көрсеткен. Басқа да сырқаты болған. Бірнеше жылдан бері созылмалы жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертензиямен ауырған. Виремия (вирус қан айналымына түсіп, барлық денеге тарайтын жағдай) белсенді болғандықтан , ауыр мультиморбид салдары көп ағзалық дерт синдромына және қайтыс болуға әкеп соқты", - деп қосты ведомстводағылар.

Қайтыс болғандарды қарастыратын комиссия екі адамда SARS-COV-2 салдарынан екіжақты пневмония болып, қайтыс болды деген шешім шығарған. Алматыда жалпы коронавирустан қайтыс болғандар саны 20-ға жетті. 

Еске салайық, қазір Қазақстанда 17 732 адамнан коронавирус анықталған. 10 897 адам аурудан айықты, 120 науқас көз  жұмды, 9809 адам симптомсыз ауырып жатыр.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети