Алматыда зейнет жасындағы азаматтарға арналған "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" ашылды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Алматыда зейнет жасындағы азаматтарға арналған "Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы" ашылды, деп хабарлады "Хабар 24" телеарнасы.
Телеарнаның мәліметінше, әлеуметтік жобаны қала әкімдігі мен "Күміс ғасыр" қоғамдық қоры жүзеге асырған. Мұнда зейнеткерлер кез келген уақытта бас қосып, пікір алмасып, заңгер, психолог, дәрігерлерден өздерін мазалаған сұрақтарына жауап ала алады. Орталықта ақсақалдар клубы, компьютерлік сынып, денешынықтыру бөлмелері жасақталған.
"Бұл орталық Алматы қаласы бойынша бірінші рет ашылып отыр. Өзін белсенді деп санайтын кез келген зейнеткер, Алматы қаласында тұратын, күнде бізге келе алады. Бізде күн тәртібінде сағат сағатымен жазылып қойған. Мысалы, ол кісі йогаға қатысамын десе оның өзінің сағаттары бар. Бір күнде біздің жоспарымыз бойынша 75-80 адамды қабылдай аламыз", - деді қоғамдық қор жобаларының үйлестірушісі Айнұр Ешманова.