Алматылық дәрігерлер ішімдік пен есірткіге тәуелділіктен зардап шеккен әйелдерге бьютитерапия арқылы көмектесе бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл Алматы қалалық наркологиялық медико - әлеуметтік сауықтыру орталығы дәрігерлерінің емделушінің денсаулығын жақсарту мақсатында пайдаланып жүрген тиімді әдістерінің бірі.

Психотерапия және сауықтыру бөлімшесінің дәрігері Меруерт Мырзахметованың айтуынша, бұл әдістің енгізілгеніне көп уақыт өтпесе де, ол өз нәтижесін бере бастаған.
"Біріншіден, бұл әдіс әйелдер бойындағы нәзіктікті оятуға көмектеседі. Әйел өзінің сұлу екенін, біреуге керек екенін білуі керек. Әйел адам әдемі болған кезде, өзін жақсы сезінеді. Бұл терапиядан кейін әйелдердің тіпті жүрісі де өзгереді. Оларға макияж жасалып, шаштары сәнделеді. Осыдан кейін олар жақсы нәрсеге талпынады", - деді Меруерт Мырзахметова.
Емдеу мекемесіне кіру мүмкіндігі шектелген. Сауықтыру курсы бірнеше айға дейін созылады. Бөлімшеге аптасына кем дегенде бір шашатараз келіп, әйелдердің шашын сәндеп береді екен.
54 Жанар Оразова бұл жерге дәрігерлерден өзі көмек сұрап келіпті. Екі бірдей жоғары білімі бар әйел кезінде мұнай компанияларында, сонымен қатар мемлекеттік органдарда жұмыс істеген. Бір кездері ата-анасынан айырылып, жұмыстан шығып қалған ол күйзеліске түседі.
"Әкем қайтыс болғаннан кейін мен өзімді жоғалтып алдым. Жұмысымда да қиындықтар болды. Сондықтан да мен күйзеліске түсе бастадым. Өзімді ешкімге керексіз сезіндім, өлім туралы көп ойлайтын болдым. Кейін өз еркіммен емделуге келдім", - деді ол.
Дәрігерлердің айтуынша, орталықтағы емделушілер спортпен шұғылданып, сурет салады, сонымен қатар, өлең жазумен айналысады.