Амстердамдағы көрмеде "өмірмен оңай қоштасуға" арналған капсула таныстырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Амстердамдағы көрмеде "өмірмен оңай қоштасуға" арналған капсула таныстырылды Сурет: Exit International ©

Амстердамда жерлеу индустриясының жәрмеңкесінде алғашқы "өз-өзін өлтіруге" арналған капсула таныстырылды, - деп хабарлайды China Morning Post.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Амстердамда жерлеу индустриясының жәрмеңкесінде алғашқы "өз-өзін өлтіруге" арналған капсула таныстырылды, - деп хабарлайды China Morning Post.

Sarco атты құрылғыны көп жыл бойы эвтаназияны заңдастыруды қолдап келген голландиялық дизайнер Александр Баннинк және аустралиялық белсенді Филип Ничке жасап шығарған. 

Оны жасалғандардың сөзінше, капсула бұл өмірден қиналмай кетуге мүмкіндік береді. "Аздап бас айналады, сосын бірден есін жоғалтып, көз жұмады", - деп түсіндірді Ничке. 

Көрмеге құрылғының макеті ғана қойылды. VR-көзілдірік арқылы капсула ішіне виртуалды "кіріп" көргендер болды. Құрылғыны жасаушылар жыл соңына дейін жұмыс істейтін үлгісін жасамақ. 

Айта кетейік, Нидерландыда 2002 жылы бері эвтаназияға құқық беретін заң қабылданған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети