Қазақстанда 2004 жылдан бері ана өлімі көрсеткіші 65% азайып, Қазақстан ана мен бала денсаулығы, отбасын жоспарлау саласында елеулі жетістіктерге жеткен, - деп хабарлайды Тengrinews.kz/ сайты Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы бүгін ана мен бала денсаулығы, отбасын жоспарлау саласындағы "Сапалы денсаулық сақтау" атты USAID бағдарламасының аяқталуына арналған баспасөз мәслихатында АҚШ-тың Халықаралық даму жөніндегі агенттігінің Орталық Азиядағы миссиясының өңірлік директоры Джонатан Аддлтон мәлімдеген.
Ол Қазақстанда 2004 жылдан бері ана өлімі көрсеткіші 65%, жаңа туған балалар өлімі 2008 жылдан бері 60% азайғанын айтқан. Сонымен бірге, соңғы жылдары отбасын жоспарлау тәжірибесін қолдану жиілігі 10%-дан 50%-ға көбейген. «Бұл үлкен жетістік. Қазақстанның бұл саладағы оң өзгерістерінен үлкен әсер алдым», – дейді Джонатан Аддлтон.