Анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби аман туылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби аман туылды © gazetawroclawska.pl

Польшаның Вроцлав қаласындағы ауруханада анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби туылды. Бұл туралы GAZETA WROCŁAWSKA хабарлады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Польшаның Вроцлав қаласындағы ауруханада анасы 55 күн бұрын қайтыс болған сәби туылды. Бұл туралы GAZETA WROCŁAWSKA хабарлады.

"Сәбиді дәрігерлер іштен жарып алды. Бұл - бүгінгі таңдағы технологияның арқасында мүмкін болып отырған ғажайып", - дейді жергілікті дәрігерлер.

Басылымның мәліметінше, 41 жастағы жүкті әйелдің ми обырымен ауырған. Жүктілігінің 17-ші аптасында оның денсаулық жағдайы күрт нашарлап, ауруханаға түскен еді. Кейін оның миының өлімі тіркелді. Оны құтқару мүмкін болмаған. Алайда науқастың жүрегі соғып тұрғандықтан, дәрігерлер сәбидің өміріне араша түсуді ойлайды.  


Вроцлав қаласындағы емхана. © Paweł Relikowski

Мамандар екі айға жуық уақыт бойы анасының ағзасының өмірлік маңызы бар функцияларын бақылап отырды. "Біз мұндайды әдетте бір-екі күн бойы ғана жасаймыз, бірақ дәл осы жағдайда еш тәжірибеміз болмаса да бірнеше аптаға дейін өмірін созу керек болды", - дейді анестезиология және интенсив терапия кафедрасының меңгерушісі Анджей Кюблер.


Сәби туылғаннан кейін 40 күн бойы интенсив терапия палатасында жатты. © Paweł Relikowski

Сөйтіп, сәби бір келі салмақ болып туылды. Сәбиді туыстарына тек екі айдан кейін беру мүмкін болыпты. Оның денсаулығы жақсы. Қазіргі уақытта оны әкесі бағып отыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети