Ақтөбе облысында 2644 балаға екпе жасалмаған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысында 2644 балаға екпе жасалмаған

Ақтөбе облысындағы Темір, Мұғалжар, Байғанин аудандары мен Ақтөбе қаласы бойынша екпеден бас тартқандар көп, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"


Ақтөбе облысындағы Темір, Мұғалжар, Байғанин аудандары мен Ақтөбе қаласы бойынша екпеден бас тартқандар көп, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

"Облыста арнайы топ жұмыс істеп жатыр. Құрамында дәрігерлер мен эпидемиолог мамандар бар. Көбіне діни көзқарастағы адамдар. Сондықтан мешіт, шіркеудің қызметкерлері ата-аналармен кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Вакцина алмаған балалар арасында жұқпалы дертке шалдыққандар бар. Мәселен, олар қызылшамен ауырды", - деді облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Беркімбаева.

Айта кетейік, облыста 86 адам қызылшамен ауырған.

"Қызылша жұқтырған соң ата-аналар екпе алмағанына өкінді. Қазір мүлде екпе алмағандар келіп, вакцина жасатып жатыр", - деді Беркімбаева. 

Облыста вакцина алмағандар саны бірқалыпты сақталып тұр. Өсім де, азаю да байқалмайды.

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 481.88   556.79   5.72 

 

Ауа райы

Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети