Ақтөбелік дәрігерлер Гиннесстің рекордтар кітабына енді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік дәрігерлер Гиннесстің рекордтар кітабына енді © Лаура Балмаганбетова

Ақтөбелік дәрігерлердің бір уақытта 4270 тұрғынның қан қысымын өлшеу шарасы ресми түрде Гиннесстің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік дәрігерлердің бір уақытта 4270 тұрғынның қан қысымын өлшеу шарасы ресми түрде Гиннесстің рекордтар кітабына енді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі облыстық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап. 

Дәрігерлер бір сағат ішінде өңір тұрғындарының артериялық қан қысымын тексерген. 

"Біз ресми түрде Гиннесс рекордын орнатқанымыз туралы растайтын құжат алдық. Мұндай көлемдегі шара бірінші рет өткізілді, ол денсаулық сабағында өтіп, 4 мыңнан аса адамды жинады. Осылайша біз артериялық гипертония мәселесіне назар аударуын қаладық. Сол күні облыстық денсаулық сақтау басқармасы рекорд орнатқаны туралы өтініш берді", - деді Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев. 

Осыған дейін артериялық қан қысымын өлшеу шарасы 2015 жылы Үндістанда өткізіліп, 3600 адамды жинаған. 


© Лаура Балмаганбетова

Айта кетейік, 2018 жылы 5 шілдеде Ақтөбе дәрігерлері бір сағатта 4270 адамның артериялық қан қысымын тексерген болатын. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети