Арқаның ауруы қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін - зерттеу

ПОДЕЛИТЬСЯ

Арқаның ауруы қатерлі ісіктің белгісі болуы мүмкін - зерттеу Фото: elements.envato.com

Ұлыбританиялық дәрігерлер арқаның ауруы ұйқы безі қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Express сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлыбританиялық дәрігерлер арқаның ауруы ұйқы безі қатерлі ісігінің белгісі болуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Express сайтына сілтеме жасап.

Медицина қызметкерлерінің айтуынша, ұйқы безінің қатерлі ісігін омыртқааралық дискілердің ауруымен шатастырып алуға болады. Себебі екі орган бір-біріне жақын орналасқан. Ауырсыну іштен басталып, арқаның ауруымен жалғасуы мүмкін.

"Сіз жатқан кезде жайсыздық туындайды. Ал орныңыздан тұрған кезде ол жоғалуы мүмкін. Сондай-ақ, тамақтанған кезде ауырсыну күшеюі ықтимал. Мұның барлығы белгілі бір нерв жүйесінің зақымдануымен байланысты. Бұл асқазанда немесе аш ішектегі ісік салдарынан болуы мүмкін", - дейді сарапшылар.

UK Pancreatic Cancer мәліметінше, ұйқы безінің қатерлі ісігі 70 пайыз жағдайда арқаның ауырсынуымен байланысты екен.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети