Қытай ғалымдары кофеиннің арықтауға қалай септесетінін ашты, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Қытай ғалымдары кофеиннің арықтауға қалай септесетінін ашты, - деп хабарлайды Lenta.ru.
Зерттеушілер тышқандарға жүргізген тәжірибе барысында кофеин тәбетті тежеп, көбірек күш жұмсау арқылы зат алмасуды арттыратындықтан салмақ түсіретіні байқалған. Мамандардың пайымынша, зерттеу қорытындылары адамдарға да жарамды. Зерттеу Nature Communications журналында жарияланды.
Ғалымдар ағзаға кофеин түскенде тәбетті басатын нейрон жолдарына зерттеу жасады. Осы арқылы олар кофеин окситоцин - қуат метаболизмінің күшті реттеуішін бөлуге септесетінін байқаған.
Авторлар тышқандарға өткізілген тәжірибе кезінде кофеиннің аса үлкен мөлшері қолданылған (дене салмағының 1 келісіне 60 миллиграмм) атап өтті. Адам үшін бұл күніне 24-36 шыны кофе ішумен тең, ал әлем бойынша адам үшін кофеиннің қауіпсіз мөлшері күніне 400 миллиграмнан (4-5 шыны кофе) аспау керегі дәлелденіп қойған.