04 маусым 2018 | 11:13

Ас содасының қатерлі ісіктен қалай құтқаратыны айтылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tutknow.ru © tutknow.ru

Ас содасы химиотерапия нәтижесін арттырып, қатерлі ісіктен құтқаруы мүмкін. Қатерлі ісікті зерттеу бойынша Людвиг институтының ғалымдары осындай пайымға келді, - деп хабарлайды EurekAlert.


Иконка комментария блок соц сети

Ас содасы химиотерапия нәтижесін арттырып, қатерлі ісіктен құтқаруы мүмкін. Қатерлі ісікті зерттеу бойынша Людвиг институтының ғалымдары осындай пайымға келді, - деп хабарлайды EurekAlert.

Мамандардың сөзінше, ас содасын суға езіп ішу, қатерлі ісік жасушаларын емге келетіндей етеді. 

Қатерлі ісік таралғанда обыр жасушаларының үлкен бөлігі қан жүйесінен ажырап, химиотерапия әсері азайып қалады. Сонымен бірге, оларға оттегі де бармайды да, қышқылдығы артады. Ал осы қышқылдықты сода көмегімен кетіруге болады. 

Зерттеу барысында мамандар тышқандарға қатерлі ісік жасушаларын салған, ол жасушалар қышқылдану салдарынан белсенділігі төмен және емделуі қиын болатын. Кеміргіштерге беретін суға сода қоса бастағаннан кейін, қышқылдану қалыпқа келіп, ауру жасушалардың белсенділігін артқан. Осылайша, қатерлі ісік химиотерапияға емделетін күйге жететінін айтады ғалымдар. 

"Бұл идея өте қарапайым. Бұл жылына жүз мың доллар қаржы жұмсалатын дәрі емес. Бұл расында кәдімгі ас содасы", - дейді зертеу авторы Чи Ван Дан.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети