Атырауда ата-аналар туберкулезге қарсы вакцинадан діни себеппен бас тартып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырауда ата-аналар туберкулезге қарсы вакцинадан діни себеппен бас тартып отыр ©РИА Новости

Атырау облысында ата-аналар балаларына діни түсініктері бойынша вакцина жасатқысы келмейді деп жазады Ақ Жайық.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысында ата-аналар балаларына діни түсініктері бойынша вакцина жасатқысы келмейді деп жазады Ақ Жайық.

Қазіргі уақытта аймақта мұндай медициналық рәсімнен өтуден мыңға жуық адам бас тартып отыр. Вакцина жасатуға келісім бермеу жағдайларының 90%-ы ата-аналардың діни көзқарасымен байланысты. Тұтас алғанда, Атырау облысы бойынша 2012 жылы туберкулезбен ауыратын барлығы 560 науқас тіркелген, ал 2013 жылы - 509 адам.

Атырау облысы бойынша тұтынушылар құқығын қорғау жөніндегі департамент бастығының міндетін атқарушы Арайлым Қасенғалиеваның айтуынша, науқастардың төрттен бірі - 18 бен 44 жас аралығындағы ересек адамдар, қалғаны - 1-14 жас аралығындағы балалар. 

Еске сала кетейік, бұрын Павлодар облысында ата-аналар діни түсініктері бойынша сал ауруына қарсы вакцинадан бас тартқан болатын. Дәрігерлердің сөзіне қарағанда, алдын алу екпелеріне қарсы адамдарға аурудың ауыр салдары туралы әңгімелер еш әсер етпейді. Бұған қоса, дәл осы себеппен Ақтөбе облысының кейбір тұрғындары да балаларына жоспарлы вакцина жасатуға көнбеген еді.



Подробнее:https://tengrinews.kz/kazakhstan_news/atyirauskoy-oblasti-detey-vaktsiniruyut-tuberkuleza-religioznyim-prichinam-252554/
Любое использование материалов допускается только при наличии гиперссылки на Tengrinews.kz

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети