ПОДЕЛИТЬСЯ
02 қазан 2020 | 18:53
Аурудан жазылған адам 90 күнге дейін басқаларға вирус жұқтыруы мүмкін бе? Комаровский жауабы
Белгілі дәрігер Евгений Комаровский коронавирус жұқтырған адам 90 күнге дейін басқа адамдарға вирус жұқтыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, осы кезеңде адамның тесті оң нәтиже көрсетуі мүмкін, бірақ ол басқалар үшін қауіпсіз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ПОДЕЛИТЬСЯ
Белгілі дәрігер Евгений Комаровский коронавирус жұқтырған адам 90 күнге дейін басқа адамдарға вирус жұқтыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, осы кезеңде адамның тесті оң нәтиже көрсетуі мүмкін, бірақ ол басқалар үшін қауіпсіз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Белгісіз "әйгілі ғалым" аурудан жазылған адамнан 90 күннен кейін коронавирус тауыпты. Евгений Комаровский Instagram-парақшасындағы жазбасын осылай бастайды. Артынша дәрігер ДДҰ деректерін келтіріп, COVID-19-дың инкубациялық кезеңі ең көп дегенде екі апта екенін еске салады.
"Температура мен жағдайы қалыпқа келген соң тағы бір аптадан кейін адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Яғни, ең көбі тағы екі-үш апта, одан көп емес. Барлығы төрт-бес апта, бірақ 90 күн емес", - деді ол.
Ол артынша "ПТР-анализінің оң нәтиже көрсетуі" мен жұғу ұғымын теңестіруге болмайтынын түсіндіреді. Оның айтуынша, тест вирустың фрагменттерін анықтай алады.
"Егер вирусты жақында жұқтырған адам - ол кеше немесе үш күн бұрын өзін нашар сезінген болса, ол байланысқа түскен болса - ПТР анализін алса және бұл оң нәтиже көрсетсе, онда ағзада вирус бар және ол жұқпалы саналады. Бірақ төрт апта, алты апта, тіпті 90 күн өтеді, ал тест әлі оң нәтиже көрсетеді, осылайша, вирустың фрагменттері анықталады.
Инфекциядан кейін тыныс алу жолдары қабығының жасушалары жойылады. Ал вирустан зақымданған жасушалар ыдыраған кезде олардың құрамында вирустың фрагменттері қалады, ПТР-тест жүйелері соны анықтап, оң нәтиже көрсетеді", - деді ол.
Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!
Показать комментарии
Читайте также