Аурудан жазылған адам 90 күнге дейін басқаларға вирус жұқтыруы мүмкін бе? Комаровский жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Видео кадры Видео кадры

Белгілі дәрігер Евгений Комаровский коронавирус жұқтырған адам 90 күнге дейін басқа адамдарға вирус жұқтыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, осы кезеңде адамның тесті оң нәтиже көрсетуі мүмкін, бірақ ол басқалар үшін қауіпсіз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Белгілі дәрігер Евгений Комаровский коронавирус жұқтырған адам 90 күнге дейін басқа адамдарға вирус жұқтыруы мүмкін деген ақпаратты жоққа шығарды. Оның айтуынша, осы кезеңде адамның тесті оң нәтиже көрсетуі мүмкін, бірақ ол басқалар үшін қауіпсіз болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Белгісіз "әйгілі ғалым" аурудан жазылған адамнан 90 күннен кейін коронавирус тауыпты. Евгений Комаровский Instagram-парақшасындағы жазбасын осылай бастайды. Артынша дәрігер ДДҰ деректерін келтіріп, COVID-19-дың инкубациялық кезеңі ең көп дегенде екі апта екенін еске салады.

"Температура мен жағдайы қалыпқа келген соң тағы бір аптадан кейін адам коронавирус жұқтыруы мүмкін. Яғни, ең көбі тағы екі-үш апта, одан көп емес. Барлығы төрт-бес апта, бірақ 90 күн емес", - деді ол.

Ол артынша "ПТР-анализінің оң нәтиже көрсетуі" мен жұғу ұғымын теңестіруге болмайтынын түсіндіреді. Оның айтуынша, тест вирустың фрагменттерін анықтай алады.

"Егер вирусты жақында жұқтырған адам - ​​ол кеше немесе үш күн бұрын өзін нашар сезінген болса, ол байланысқа түскен болса - ПТР анализін алса және бұл оң нәтиже көрсетсе, онда ағзада вирус бар және ол жұқпалы саналады. Бірақ төрт апта, алты апта, тіпті 90 күн өтеді, ал тест әлі оң нәтиже көрсетеді, осылайша, вирустың фрагменттері анықталады.

Инфекциядан кейін тыныс алу жолдары қабығының жасушалары жойылады. Ал вирустан зақымданған жасушалар ыдыраған кезде олардың құрамында вирустың фрагменттері қалады, ПТР-тест жүйелері соны анықтап, оң нәтиже көрсетеді", - деді ол.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 523.18  course up  595.41  course up  6.37  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer