Аустралиялық әйел өз есімін ұмыта бастаған: бәрі үйдегі зең салдарынан

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралиялық әйел өз есімін ұмыта бастаған: бәрі үйдегі зең салдарынан ©Reuters

Аустралиялық Эми Скилтон үйде жасырын шыққан зеңнен кейін өз есімін ұмытып қалған. Оның оқиғасын NYP басылымы жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аустралиялық Эми Скилтон үйде жасырын шыққан зеңнен кейін өз есімін ұмытып қалған. Оның оқиғасын NYP басылымы жазған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2016 жылы 37 жаста болған Скилтон мен оның күйеуі жаңа үйге көшіп келген, бірнеше айдан кейін оның жағдайы нашарлай бастаған. Әртүрлі аллергия пайда болып, тез шаршайтын болған, күтпеген жерден он келіге семіріп, ойлауы қиындай бастағанын байқаған. Невропатолог оған Альцгеймер ауруының ингаляциялық түрі деген диагноз қойған. Осыған байланысты аустралиялық қалай киінуді, мотороллерін қайда қойғанын жиі ұмыта бастаған, ал аты-жөні көрсетілуі керек құжаттарда не жазу керегін түсінбеген.

Дәрігерлер мұндай ауру неден пайда болғанын таба алмапты. Бірде әйел әлеуметтік желіде құрбысының күйеуінің денсаулығы нашарлағанын, оған үйдегі заң себеп болғанын оқыған. Кейін ол өз үйінің астындағы гаражда да су ағып тұрғанын еске түсірген. Оның өтініші бойынша шақырылған құрылыс биологы зең салдарынан кілемдер мен әйел ұйықтайтын матрацты да зең басқанын растаған. Сол уақытта жасалған генетикалық сынақ Скилтонның зең токсиндеріне сезімталдығы жоғары екенін анықтапты.

Ол болған оқиғаға риэлторлық компанияны кінәлайды, себебі олар бұл мәселе туралы көп ай бойы білген. Енді 42 жастағы Эми Скилтон жаңа үйге көшіп, ауруынан айығып, зең саласындағы маманға айналды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети