Балалар арасында аллергия өршіп тұр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Балалар арасында аллергия өршіп тұр

Ақтөбелік дәрігерлер аллергиямен емделіп жүргендердің жасарып бара жатқанына алаңдап отыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік дәрігерлер аллергиямен емделіп жүргендердің жасарып бара жатқанына алаңдап отыр, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

Балалар ауруханасында өткен шараға осы дертпен жиі шағым айтып келетін ата-аналар шақырылған. Аллергияны тұмаумен шатастырып алғандар ауруын асқындырып алған. Мамандар дер кезінде ем алмаса маусымдық аллергияның қауіпті екенін ескертеді.

"Сәуір айынан бастап маусымдық аллергиялық асқынулар басталды. Екі-үш аптадан бері адамдар дамылсыз келіп жатыр. Қазір гүлдер өсіп, ағаштан жапырақтар шыққанда олардың тозаңдары ұша бастайды. Бұл уақытта ерте көктемгі аллергиямен ауыратындартың саны күрт артады. Ал 15 мамыр мен 15 маусым аралығында арамшөп аллергиясы басталады. Ол кезде мұрын бітіп, көз қышып, құрғақ жөтел белгілерін береді. Оны дер кезінде емдемесе тыныс жолдарын бітеп, демікпеге әкеліп соғады. Бүгінге кездесуде ата-аналарға қалай күтіну жолдары айтылды",- дейді балалар аллергологы Лиза Дүйсенова.


Балалар аллергологы Лиза Дүйсенова

Мамандардың айтуынша, қазір балалар ауруханасына күніге кемі 5 адам қабылдауға келеді.

"Бізде бір жағдай болды. 8 жастағы балаға аллергия конъюнктивит түрінде белгі берген. Ата-анасы баланың жағдайына көңіл бөлмеген, дәрігерге де қаратпаған. Бала 10 жасқа келгенде демікпелі астмаға шалдықты. Қыз баланы біз бір жыл емдедік. Үздіксіз базалық тексерулер жасалынды", - дейді дәрігер.
Мамандар ата-аналарға дәрігерге дер кезінде қаралу керектігін ескертеді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети