Қазнетте белсенді Гүлмира Исембаеваның видеосы танымал болып жатыр. Кадрларда ол қазақстандық ата-аналарға үндеу жасап, енді екпе салудан және психотроп дәрілермен емдеуден бас тартқан ата-аналардан баласы тартып алынатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі StopFake басылымына сілтеме жасап.

"Видеороликте белсенді қандай да бір 152-бап туралы айтып жатыр. Онда медициналық араласудан бас тарту - баланы отбасынан тартып алуға негіз болатыны жазылғанын мәлімдейді.
Бұл үндеу Желіде 2020 жылы наурызда тараған. Сол кезде Сенат депутаттары мұндай заң жобасы немесе норма жоқ екенін айтып, мәліметті жоққа шығарған. Олар жаңа заң жобалары қарастырылғанда, міндетті түрде, қоғамның ой-пікірі ескерілетінін айтқан", - деп жазады портал.
Басылымның мәліметінше, қазір заңнамада бұған қатысты ештеңе өзгермеген. 2020 жылдың 7 шілдесінде қабылданған "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодексте нормалар сақталған. Онда Қазақстанның кез келген азаматы "медицина тұрғысынан араласу және емдеуге, оның ішінде профилактикалық екпе салуға байланысты келісу немесе бас тарту туралы" ақпарат беруге құқылы екені жазылған.
16 жас және одан асқан балалар профилактикалық және кеңес-диагностикалық көмектен ақпарат түрінде бас тартуға да құқылы.
Маусымда бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов кез келген адам (ата-ана) қарсы болуға құқылы екенін айтқан. Екпе салуға ешкім мәжбүрлей алмайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!