Басты ауыстыруға бірінші болып ресейлік бағдарламашы келісім берді. Ол бұл туралы Daily Mail басылымына айтып берді. Айта кетейік, басты трансплантациялауды италиялық хирург 2017 жылға жоспарлап отыр.
Басты ауыстыруға бірінші болып ресейлік бағдарламашы келісім берді. Ол бұл туралы Daily Mail басылымына айтып берді. Айта кетейік, басты трансплантациялауды италиялық хирург 2017 жылға жоспарлап отыр.
30 жастағы Валерий Спиридонов Владимир қаласында тұрады. Ол жұлын бұлшық ет атрофобиясымен ауырады. "Бұл менің нақты шешімім. Мен шешімімді өзгертпеймін", - деді бағдарлама жасаушы. Спиридонов нейрохирург Серджио Канаверомен интернеттен оның зерттеу жұмысы нәтижесінде қауіпті операция жасау туралы ниетін білгеннен кейін танысқан. Олар электронды түрде хат алмасып тұрған. Қазір Skype арқылы сөйлесіп тұрады.
"Мен әрине қорқамын. Бірақ бұл қорқынышты ғана емес, қызықты. Шын мәнінде менде басқа таңдау да жоқ. Егер мен осы мүмкіндікті пайдаланбасам, мені қиын тағдыр күтіп тұр. Жыл сайын менің жағдайым нашарлап бара жатыр", - деді Спиридонов. Бағдарлама жасаушының отбасы оны толығымен қолдап отыр.
Каневеро басты трансплантациялау үшін көптеген хаттар алып жатқанын айтты. Бірақ дәрігер емделушіні тек жұлын бұлшық ет атрофобиясынан зардап шеккендердің ішінен ғана таңдайтынын мәлімдеді. Донорды бас миынан емделмейтін жарақат алғандар немесе өлім жазасына кесілгендердің ішінен таңдайды екен.