Би билеу залда жаттығу жасауға қарағанда тиімдірек - ғалымдар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Би билеу залда жаттығу жасауға қарағанда тиімдірек - ғалымдар © lisichansk.com.ua

Би билеу залда жаттығу жасауға қарағанда тиімдірек. Мұндай тұжырымды Брайтон университетінің ғалымдары жасап отыр, - деп хабарлайды MIGnews.com.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Би билеу залда жаттығу жасауға қарағанда тиімдірек. Мұндай тұжырымды Брайтон университетінің ғалымдары жасап отыр, - деп хабарлайды MIGnews.com.

Зерттеуге 24-38 жас аралығындағы 15 студент қатысыпты. Олар 30 минуттан түрлі би билепті - бал биі, балет, сальса, стрит-дэнс, свинг және контемпорари. Зерттеу барысында бишілердің жалпы жағдайы бағаланған - жүрек соғысы, психологиялық қалыбы, жұмсалған энергияның мөлшері және өзге де көрсеткіштер.

Зерттеудің қорытындысында қатысушылардың 30 минут бойы жүзу, жүгіру және велосипед жүргізу кезіне қарағанда билеп жатқан кезінде көбірек калория жұмсағаны анықталған. Орташа есеппен, свинг кезінде 293 килокалория жағылған. Салыстырып қарағанда: жүзу кезінде - 249, жүгіру кезінде - 264, ал футбол ойыны кезінде 258 килокалория жағылады екен.

Сонымен қатар, ғалымдардың пікірінше, би адамның психологиялық жағдайына жақсы әсерін береді, себебі билеу қоғамдық әрекеттесу мен шаршауды басатын қасиетке ие.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети