Біртанов балалар дәрігерін қамау ісіне байланысты шенеуніктерді сынға алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Біртанов балалар дәрігерін қамау ісіне байланысты шенеуніктерді сынға алды © Тұрар Қазанғапов

Денсаулық сақтау министір Елжан Біртанов Ақтауда балалар дәрігерін қолдаусыз қалдырып, қамауға алуға жол берген Маңғыстау облыстық кәсіподақтар мен денсаулық сақтау басқармасын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денсаулық сақтау министір Елжан Біртанов Ақтауда балалар дәрігерін қолдаусыз қалдырып, қамауға алуға жол берген Маңғыстау облыстық кәсіподақтар мен денсаулық сақтау басқармасын сынға алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ақтаудағы әріптесімізге қатысты жағдайға байланысты. Меніңше, денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға байланысты толыққанды жұмыс істемеген. Істің сотқа өтіп кетуіне дейін күтіп отырған, бұл қоғамдық резонанс туғызды. (...) Дәрігерлер кәсіподақтардың қайда қарап отырғанын жазып жатыр? Мен өзім де жедел медициналық қызмет көрсету саласында істедім, көңілі толмаған туыстары сотқа беру немесе сол сияқты жағдайлар талай болған. Ол кезде сен жалғыз қаласың, ешқандай кәсіподақ, ешқандай адвокат болмайды: мұның барлығы ақша", - деді Біртанов Денсаулық сақтау министрлігінің коллегиясында. 

Министр мұндай жағдайларды бейбіт жолмен шешу керектігін айтты. 

"Қазір осы мәселе әлеуметтендірілді. Сол себепті, бүкіл ел, барлық медицина саласының мамандары ешқандау қорғау және дұрыс шешім шығарылғанын көре алмады", - деді министр. 

Ақтауда пациентке дөрекі сөйледі деп жазаланған дәрігердің оқиғасы: Министр пікір білдірді

Оның айтуынша, өзін қорғанышсыз сезінген дәрігер мотивациясынан айырылады, ал медициналық ЖОО студенттері практика өткісі келмейді. 

"Ешбір кәсіподақтың халық алдына шығып сөйлегенін көрмедік. (...) Мен оның қоғамдық ұйым екенін білемін. Бірақ адамдар осы кәсіподақтарға ақша төлейді. Адвокат жалдауға және осы мәселелерді шешу жолында кеткен шығындардың бір бөлігін өтеуге болатынына үміттенемін", - деді министр. 

19 шілдеде танымал ақтаулық балалар дәрігері қамауға алынды. Оның ауруханаға келушілердің бірімен жанжалдасқаны үшін қамаған. Дәрігер бір тәулік бойы темір тордың арғы жағына тоғытылды. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети