04 ақпан 2014 | 17:33

Бүгін - Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес күні

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Нұрғиса Елеубеков Фото ©Нұрғиса Елеубеков

Бүгін - Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларына қарсы күрес күні. Айта кетейік, 4-ақпанды "онкологиялық ауруларға қарсы күн" деп белгілеуге мұрындық болған "Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі халықаралық одақ". Бастама да, идея да солардікі. UICC-ұйымының басты мақсаты - адамдарды онкологиялық аурулардан сақтандыру, аурудың алдын алып қана қоймай, оны дер кезінде анықтап, емдеуге жербеті дәрігерлерінің жауапкершіліктерін арттыру. Сонымен қатар, ауыр дертке шалдыққандарға психологиялық көмек көрсетіп, оңалту жұмыстарының сапасын жақсартуға атсалысу және осы ауру түрімен күресуге айрықша көңіл бөлуі үшін әр мемлекетті үгіт-насихат шараларын көптеп өткізуге үндеу. Халықаралық сарапшылардың болжауынша 2030 жылға қарай қатерлі дертке шалдыққандар саны қазіргіден екі есеге дейін артуы мүмкін. Мұны бүкіл әлем халықтарының барлығына бірдей ортақ проблема деп ұққан жөн. Тіпті "дабыл!" деп қабылдағанамыз да дұрыс шығар. Өйткені, қазір мәселен, жыл сайын онкологиялық аурулар салдарынан жылына 6-7 миллион адам өмірден озады десек, бұл көрсеткіш 2030 жылға қарай 13 миллионға жетеді деген сөз. Ал ауруға шалдыққандар қазіргі дерек бойынша жылына 14 миллион адамды құраса, 2030 жылы бұл көрсеткіш 21,4 миллионға жетуі әбден мүмкін. "Дәл қазіргі таңда өкпенің қатерлі ісігі қатты асқынып тұр". Жоғарыда келтірілген жағымсыз жаңалықтарды таратып отырған БҰҰ-ның Қатерлі ісік аурулары жөніндегі Халықаралық агенттік сарапшылары осылай дейді. Қазақстанда да жағдай мүшкіл. Елімізде жылына шамамен 17 мың адам қатерлі ісіктен қайтыс болады екен. Ал онкологиялық аурулардан болатын өлім-жітімнің екінші орында тұрғандығы баршаға аян. Жанға қатты бататыны – сөз болып отырған 17 мыңның тең жартысына жуыға жастар, яғни еңбекке жарамды жас шамасындағы адамдар. Ісік ауруына шалдыққандары туралы қаралы хабарды күніне 80-нен астам адам еститін көрінеді. Естеріңізге сала кетейік, Қатерлі ісік аурулары жөніндегі Халықаралық агенттігі мен Онкологиялық ауруларға қарсы күрес жөніндегі халықаралық одақ бүгін де жылдағыдай үлкен жиын ұйымдастырды. Әлемдік деңгейде өткен бұл басқосудың тақырыбы төрт бағытты қамтыса керек. Нақтырақ айтсақ, кампания ісік ауруларына қатысты қате ұғымдарға тыйым салудың жолдарын іздеді. Зардабы ауыр қате түсініктер мыналар екен: "Біз қатерлі ісік туралы айтпауға тиіспіз", "Онкологиялық аурулардың ешқандай белгісі жоқ", "Ісік ауруына шалдықсам, мен шарасызбын" және "Мен үмітімді үздім, тіпті емделуге құқым жоқ". Ең алдымен осындай стереотипті жаңсақ пікірлерден арылуымыз керек екен. Бүкіл жер беті ғалымдарын алаңдатып отырған онкологиялық дерттің алдын алудың бір жол осы.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети