Бұл тағамдарды күзде міндетті түрде жеу керек

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бұл тағамдарды күзде міндетті түрде жеу керек pixabay.com

Күз келіп, күн суыта бастағанда адамдардың денсаулығы сыр бере бастайды. Бұл кезде ең бастысы пайдалы тағамдарды жеу керек. Дәрігер-терапевт, диетолог Елена Тихомирова күзд мезгіліндегі ең пайдалы үш өнімін атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

"Диетаға асқабақ қосқан жөн. Өйткені оның құрамында талшық көп. "100 грамм асқабақтың құрамында А дәруменінің күнделікті мөлшері бар, ол гормондарды өндіруге қажет, сонымен қатар көру мен иммунитетке пайдалы", - дейді дәрігер.

Сондай-ақ дәрігер қызылша пайдалы күзгі көкөніс болады дейді. Диетологтың айтуынша, бұл көкөністің негізгі құндылығы - оны күлгін түске бояйтын антоцианиндер. Тихомирова антоцианиндер денеге бос радикалдармен күресуге, бос радикалды тотығуды тоқтатуға, сондай-ақ стресспен күресуге және қартаю процестерін бәсеңдетуге көмектесетінін айтты.

Диетолог бұл тізімге қырыққабатты қосуды да ұйғарды. Қырыққабаттың барлық түрлерінде әйелдердің сүт безі қатерлі ісігінің дамуына кедергі келтіретін заттар бар дейді ол. Сонымен қатар, ақ қырыққабатта шырышты қабықтарды емдейтін қасиеті бар U дәрумені бар. Сондай-ақ, бұл гастрит пен асқазан жарасының өршуінің алдын алу үшін таптырмас көкөніс.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети